Қыз қуу
Бұл бетте «Қыз қуу» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төрт өрме қамшы сарт етті,
Арғымақ атқып жұлқынды,
Жанары қыздың жалт етті,
Жарысып желмен ұмтылды.
Жігіт те шықты сыдырып,
Орамал таңып басына,
Жұмылған бейне жұдырық,
Жабысып ердің қасына.
Топылдап тиген тұяқтан
Тозаңы жердің өрілді.
Дүйім ел тұрып бұл жақтан
Күледі гулеп көңілді.
Сырбай-ау, әне, қарап бақ:
Қуалай өрлеп даланы,
Айтылмай жүрген махаббат
Құйын боп ағып барады.
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі