Арал қызына
Бұл бетте «Арал қызына» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жағаға таста қайықты,
Қайтесiң ойнап толқынмен!
Қалаға ғана лайықты
Ерке наз көрдiм көркiңнен.
Толқынмен ойнап жарыспа,
Жабыспа бұйра жалына.
Алыспа сумен алыста,
Келсейшi, қыз-ау, жаныма!
Сақылдап күлiп дауылға,
Қызықтың сонда несiне?
Ерке қыз, ендi дамылда,
Асылып менiң төсiме.
Төңбекшiп түпсiз тұңғиық
Жатыр ғой, ойбай, мұнда да.
Бетiне мөлдiр нұр құйып,
Толқынын тыйшы бiр ғана.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі