Бұл бетте «Туған жер» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған туған жер туралы өлең берілген.
Сүйемін тунгі орманның
Ордалы нуын оңаша:
Төңірегім – баяу толған үн,
Көргенім – кілең тамаша.
Сүйемін таңғы майсада,
Малынған шықтың маржанын.
Салынып тұрса сай-сала,
Көмкеріп көк тал жан-жағын.
Сүйемін жазда жабыққа
Тырсылдап тиген жауынды,
Құлдырап қаңбақ жазықта,
Дүрілдеп өткен дауылды.
Сүйемін кешкі самалды
Сұлудың жұпар лебіндей,
Саябыр тартып сам алды,
Көкжиек кетсе көрінбей.
Сүйемін қала шамдарын
Түндерде жанған самала...
Сау жүрсін сылқым шалдарым,
Сау жүрсін сырбаз сал ана.
Жырлаймын туған жерді мен,
Бөлмеймін бұ жақ, о жаққа;
Сыйлаймын тұтас елді мен,
Айырмай орыс, қазаққа.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі