Екінші рет туғанда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Екінші рет туғанда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1251
(аударма)

Есігімді жұлқып ашып (қақсын ба!)
қарлы дауыл ызыңдады бір мұңмен,
Тағы, міне, ақ дауылдың астында
екінші рет қайта туып тұрмын мен.
Бұған дейін өмір кештім, жон асып,
білем бәрін — бұ несі деп таңданба,
Байқауымша, жұмаққа да жол ашық
зұлымдықпен тірлік еткен жандарға.
Тоңазыған жер үстінде
әйелдің
шолжаңдаған қылығынан шаршағам.
Қар ұшқыны түскен сәтте, ай өңдім,
мұз боп жатыр ақ денеңде аңсаған.
Осы сәттің мақтанышы
менің де
жүрегіме кұйды мұздай ызғарын.
Көктеме де келер әлі дедің бе,
болжадың ба шырын сәттің құндағын?
Жүрек мені қуанышпен емдейді,
көңілім - мұз, қарашы бұл мазағын.
Көктем бірақ маған енді келмейді,
үшінші рет қайта тусам - ажалым!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екінші рет туғанда өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Екінші рет туғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екінші рет туғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екінші рет туғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері