Жүрегім тірі екен ғой
Бұл бетте «Жүрегім тірі екен ғой» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегім тірі екен ғой,
Санағам тоқтағанға,
Елсізде жүр екем ғой,
Сен іздеп таппағанда.
Белгілі сағынарым,
Ессіздеу қылығыңды.
Сен едің долы дауыл,
Сапырған тұнығымды.
Несіне күдіктенгем,
Жүзімнен күлкі қашып,
Өзің бе кіріп келген
Есікті жұлқып ашып.
Құрысын асқақтығым,
Жетпейді енді шамам.
Бәрін де тастап бүгін,
Бағынғым келді саған.
Тұтатып шылымыңды,
Оқышы тентек өлең.
Тәрк етіп ғұмырымды,
Мен сонда өртенер ем.
Серік қып кезбе мұңды,
Тым ерте тұйықталдым.
Шоғына көздеріңнің,
Тағы да күйіп қалдым.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі