Дауылдар шақырғанда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Дауылдар шақырғанда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1005
(аударма)

Мұндай аппақ қыс болмаған,
бұлт болмаған қауырсындай.
Қаланы көк түс торлаған –
түтін өрлеп дамылсыз, жай.
Кілт ұсындың күмістеген –
мекендедім жүрегіңді.
Дала жым-жырт, дыбыс та өлген,
түн тұнжырап түнерулі.
Аппақ қарлы тауларменен
тылсым түнек сырласқанда,
жырақ кетіп арман деген,
жанымызды түн басканда,
бірге кеттік жолға арналы
біле тұра сорды алдағы.
Күміс шалғы тұрды аспанда.
Дауыл үлып, бозарды аспан
ай шалғысын кұлатқанда,
өзің сонда көз алмастан
қарап тұрдың жырақтарға –
даланы аппақ тозаң басқан,
жел ұлиды ұзақ таңға.
Түнек қаптап айналаны,
тұңғиыққа сырғанадық.
Тұрдың (дауыл аймалады)
жанарыңа мұң қамалып.
Алда — дауыл әндетеді,
еркіндеміз бір екпіннің.
Жақын қалды қар мекені
бізді күткен түнек түннің.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауылдар шақырғанда өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Дауылдар шақырғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауылдар шақырғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауылдар шақырғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері