Бұл бетте «Анама» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тал бесікте түнімен
Ұйқы көрмей тербеттің.
Мәпелеген ұлың ем,
Бүгін, міне, ержеттім.
Үміт артып бір Хаққа,
Аңсадың бақ туар күн.
Айналып арман расқа,
Көп ісіме қуандың.
Өмірде – әрбір уақытта
Өзің болдың тірегім.
Жолымды бастап бақытқа,
Тілеуімді тіледің.
Тірліктің ауыр-жеңілін
Білмей еркін мен өстім.
Сенен алып мейірім,
Қатардан қалмай теңестім.
Ерледің бағып, өсіріп,
Демедің, беріп қол ұшын.
Көрмедің еш тосылып,
Борыштымын сол үшін.
Өмір – кезек, тағдыр да
Ұланыңа сен, Анам.
Парызымды алдыңда
Ақтап өту – серт маған!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі