Әйелдің әні – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әйелдің әні» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1278
(аударма)

Бір көтерем бәрін де мен,
сүрінсең.
Жаз жарқылдап жалынды өлең
бүгін сен.
Мен сүйемін -
жаныңменен
ұғын сен.
Жанарыңды жұлдыздарға
қадағын.
Қалсын жерде - құндыз қарда
садағың.
Текке өзіңді мұңды ызғарға
қамадың.
Ақ дауылдың шың-құздарда
сал әнін!
Тұншықтырам боранымен
жанымның.
Күміс күлкі оранып ем -
жалындың.
Шырқ үйірсем өр әніммен -
табындың.
Бұғаулаймын сананы мен,
жас қыран.
Ақша қардың шарабымен
мас қылам!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелдің әні өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әйелдің әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелдің әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әйелдің әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері