Өлең – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Өлең» атты Сайлаухан Нәкенов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 747
Ақ сөйлешi, бауырым –
Алдымдағы ақ қағаз.
Ақындықтың ауылын
Таппаған – көп, тапқан – аз.
Адасқан қаз тәрiздi
Мен де адасып жүрмiн бе?
Өлеңдегi парызды
Өтеу қиын бір күнде.
Бір ақиқат бары анық –
Үзбей iздеп мұратын,
Жаны жырдан жаралып,
Келе жатыр бiр ақын.
Алдымда тұр көп сыным,
Өткен күнiм келеңсiз.
Өкiнген жан өксiгін
Айта алмайды өлеңсiз.
Қуансам да хақым бар,
Сөйлемеймiн мен онсыз.
Арманын да ақындар
Айта алмайды өлеңсiз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері