Қанатты шақ – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қанатты шақ» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1162
(аударма)

Құс қанат біткен жандайын,
қақтырып жердің таңдайын,
аспанды серпіп самғайын.
Жұлдызды мұздар маңында,
ілесіп ұшқын - жалынға
ойнасын құйын жанымда.
Мазасыз бір күй - көңілде,
жұлдызды жолдар - көгімде,
Билейді қар - қыз төрінде.
Құйын жел әнін салады,
сиқырлы қыздың жанары
арбайды, жарқыл қағады.
Мұңды бір үн төгіледі
аспаннан.
Жер өзгерген өң-реңі
ақ шаңнан.
Корабльдер көрінеді
бос қалған.
Ақ желкендер, қарды жұтқан
ағыстар...
Теңіз бетте жаңғырыққан
дауыстар...
Шайқалып сонсын барша жақ,
ұмыт боп думан - салтанат,
құштарлық түні жырақтап,
төгіліп кетті бал шарап.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанатты шақ өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қанатты шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанатты шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанатты шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері