Ғашықтық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ғашықтық» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2992
(аударма)

Ғашықтық, сенің көгілдір ымырт шақтарың,
тағы да: «Мәңгі сендікпін»... сәттер қас қағым.
Ұйқысыз түндер, бұлыңғыр күндер тағы да,
алысқа кеткен желкендер маңы - ақ сағым.
Еркелей құшып жондарын қарлы даланың,
неліктен сәуле қадайды күліп жанарын.
Сен болсаң, міне, жамылып өлген патшаның
қанатын аппақ,
тағы да арбай қарадың.
Періштем менің қаһарын төгіп қабақтан,
жанары - садақ, көздесе болды - дәл атқан.
Бірақ та найза-ашуы да оның мен үшін
күмістей күлкі сыңғырап шыққан тамақтан.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері