Дауыстар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Дауыстар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1018
(аударма)

(Дауылмен араласып екеу өтеді)
Жігіт:
Бүрсеңдетті жер, даласын
ақ дауылдың асқақ демі.
Бұлтты серпіп сен барасың
тұңғиыққа бастап мені.
Ә й е л:
О, жет маған!
Күндер өліп,
өтеді ағып ғасырлар да әлі.
Ай да сөніп,
құлар келіп
жүзін жерге жасырғалы!
Жігіт:
Менің еншім тиген адам –
ақ боранда тұншығады,
тұңғиықтан бір шығады!
Ә й е л:
Таста үрейді,
Міне, желдің сыршыл әні
сені әлдилеп жас баланың
бесігінде,
тыншымады.
Қар инелер шымшылады.
Жігіт:
Жүрек таудың
тасқынымен
тұңғиыққа домалады,
Сен қуанып,
жас түріңмен
шаттанасың соған әрі!
Ә й е л:
Тыңда мені –
дабыл қақсам,
түнектерге батырады.
Тыңда қарды -
дауыл жақтан
жауынгер ән шақырады!
Жігіт:
Семсерімді жоғалтыппын
соңыңа еріп мен сенің...
Қайда, қайда семсерім?
Ә й е л:
Қарсы соккан дауылмын мен!
Жүрміз жұмбақ өңірде біз –
жұлдызды түн төріндеміз!
Жігіт:
Кешір мені, атамекен!
Еркіндемін ақ боранның,
жел билеген жақта қалдым!
Ә й е л:
Ей, жас адам,
қоштас бүгін
жердегі өмір, күндеріңмен,
беріл дауылды үнге мүлдем!
Ж і г і т:
Кешір мені, кешір мені!
Жүрегім - мұз, салқын бүгін!
Сен қайдасың, алтын күнім?
(Қарлы боран арасынан крест көрінеді).

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыстар өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Дауыстар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыстар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыстар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері