Қарлы алау – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарлы алау» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 978
(аударма)

Алау да шапшып аспанға,
мосыда жанды батырым.
Ұшқындар моншақ шашқанда,
жылжыды түндер ақырын.
Серігі қыстың түн деген,
тоқитын өрнек ақ қардан.
Тыныштық, тыншу білмеген
ұйтқиды боран шатқалдан.
Бұралған түтін - сыйлы өрнек,
Ақ аспан, аппақ айдала...
Шалқы да тілің сүйреңдеп
мосыны, жалын, аймала!
Қар перде киген сал жігіт,
жана түс алау жалынға,
Көзімді саған талдырып
түнде де, таңғы шағыңда
сүйгенде сені - жанды үміт.
Сүйіктім болғын сен менің,
сал жігіт, сұлу жанарлым.
Жаныңды қармен емдедім,
мен саған бірақ адалмын.
Болмады менен адал жан,
жаныңды үш күн түсіндім,
Сүйгіздім тұнжыр жанардан,
қанат та байлап ұшырдым.
Жан енді, өрте денеңді,
Ұйтқыған желге қарама!
Күліңді сенің мен енді
ұшырам қарлы далаға.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлы алау өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қарлы алау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлы алау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлы алау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері