Бұл бетте «Ілуде бір көгінен Күн шығатын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
22.07.2021
0
0
1270
Ілуде бір көгінен Күн шығатын
Мен боламын қазақта мұңшыл ақын.
Төңірегін түн қамап, түнек торлап,
Тұншығатын,
Жарыққа құлшынатын!
Өлең өксіп,
Аққудай əнім жылап,
Жаратқаннан тілейді жаным жұмақ.
Қараша үйде қан жұтып жатсам-дағы
Хан, сұлтаннан кем емес халім, бірақ!
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі