Мұхтар Әуезовты еске алу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мұхтар Әуезовты еске алу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2024
(аударма)

Жылдар зулап, жастық та тарағандай.
Әлі есімнен кетпейді бір жай ғана:
Москвада, жарқырап дала маңдай
Мұхтар отыр жанымда шыңдай дара.
Зал жарылып кетердей теңселеді,
халық білер өнер мен жыр қадірін,
жазушылар - қашан да ел сенері –
бар әлемнен жиналған мұнда бүгін.
Халық деген — болмастай сына қағып –
тыпырлайды алдында әр қақпаның.
Континенттер тыңдайды -тына қалып
сан тілдегі өнердің саңлақтарын.
Сан тілдегі сан сұмдар сұрақтарын
тау тасындай жаудырды залдан бізге.
Мұхтар жаққа қараймын –
қуат, жалын
және терең ой жатыр арман жүзде!
Асып-сасқан мен жаққа бір қарады
мейіріммен, далалық даналықпен –
жаным кеңіп, өңімнен нұр тарады!
Е-е, осындай болса ғой аға біткен...
Жылдар жерде зулайды асықтырып,
жанын ұрлап Мұхтардай есті ағаның...
Қазақ жерін мен бүгін басып тұрып
сол данышпан тұлғаны еске аламын.

ЛЕВ ОШАНИН


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұхтар Әуезовты еске алу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мұхтар Әуезовты еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұхтар Әуезовты еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұхтар Әуезовты еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері