Ана туралы ән – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ана туралы ән» атты Фариза Оңғарсынова жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 3027
(аударма)

Адамзаттың жолына дән-ғұмырын септі де,
жер жүзінің тоңына өмір гүлін екті де,
балаларын үйретті ар мен ғұмыр кешуге,
сосын, демін бір алып жиналды алыс кетуге.
- Қайда кеттің, анашым?—деп бүрсиді балалар.
- Әже, қайда барасың? — немерелер қамалар.
- Тыныстап дем алайын, жақын ғана жолым бар,
көкжиекке барайын, енді өздерің болыңдар.
- Кетесіз бе түз-жерге, ойыңыз не, анажан?
- Кім айтады біздерге ертегіні қалаған?
- Мен сендерге қалдырдым аққулы аспан, Күнді, Айды,
күмістеген тал, жыңғыл, алтын басты бидайды.
- Керек емес алтын да, күмістеген орманы,
қақпа алдында жарқылдап өзің жүрсең болғаны.
Бар бейнетті сіз көрген көтермейміз, сынама,
қалсаң болды біздермен, ортамызда жүр, ана!
Аппақ шашты тағдырдың дәл өзіндей тым сұлу
кетіп бара жатты ана жүзінде жоқ күрсіну.
Дидарынан таң күліп дала болып жайланды –
адамзаттың мәңгілік бесігіне айналд
***
Табытта жатқан сан ғасыр
Жағасын Нілдің қалдырып
Қоңыржай мекен жап-жасыл
Қурай да гүлдер жан жібіп.
Қоштасып соның бәрімен
ұштыңдар қайда, құстарым?
Алдарың аяз, сәні кем,
біліңдер мұнда қыс барын.
Әндетсе мұнда әр гүлі,
ол жақтың шыттай аспаны,
тіл қатпас шөбі, шалғыны,
жусан да, мүк те тастағы.
Қосыла шырқап жыр-әнін
беталдың бәрің бір елге,
Талайдың жолда құларын
Көсем құс анау білер ме?
Қарт көсем ойлы, жол алда!
Қомдады сомдап қанатын.
Түк емес сынды оларға
жұлдызды ғалам, қара түн.
Қаншама ғасыр мұңды азап
шексе де таймай ұшқан кім?
Сол қанатында бір ғажап
құпия сыр бар құстардың.
Қанша күз жерден, жаз ақты
құстардан тынбай қиял-үн.
Елетпей мезгіл, азапты
тартатын күші-ай ұяның!

БОРИС ОЛЕЙНИК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана туралы ән өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ана туралы ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана туралы ән өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана туралы ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері