Арамен жолдастық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Арамен жолдастық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 953
(аударма)

Ара кеше ызыңдап оқша ағатын,
Отыр бүгін бүрісіп алаңдамай.
Қозғай алмай мұздаған қос қанатын
Мүсәпірсіп қарайды маған қарай.
Ұзатайын дедім де ғұмыр жасын,
Жүрегімнің тұсына салдым еппен.
Жаны кіре бастады жылынғасын,
Маужырады елестеп балды көктем.
Жеңді бойлап жүрді де, ол абайсыз
Секірді кеп, шырқауды сағынады.
Жер де қатқыл сұп-сұрғылт көгорайсыз,
Жел де ысады жаралы тәнін әрі.
Кеудешесі алтыннан, әтірлеген,
Жасқану бар араның өңінде әлі.
«Қақ қанатты, - деп оған ақыл берем. -
Тоңу емес, тек өрлеу - өмір мәні!»
Түс те болды. Естимін - жүр ызыңдап,
Шала-жансар мүлгімейді әр бұрышта.
Алдында оның тұрғандай жүзімді бақ,
Қарсы ұшады аязды қарлы қысқа.

ИВАН ДРАЧ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арамен жолдастық өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Арамен жолдастық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арамен жолдастық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арамен жолдастық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері