Әпкелерге – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Әпкелерге» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 8210
Өткен өмір өтті ғой, өткен елес.
Қазіргі бір жағдайым көктем емес.
Аға-іні ұмытып кетсе дағы,
Әпкем мені ұмытып кеткен емес.
Несіне өкпелейсің,
Аға шыным?!
Әрі бауыр, әрі аға, жанашырым.
Төрт әпкем шырылдайды төрт жағымнан,
Кеткенін сезбесін деп анасының.
Қыз жауһар,
Қыз жанашыр тілекті үміт.
Ұрсады адам бол деп білек түріп,
Үмітіңді ақтармын деп жылағам,
Анамның аппақ тасын тіреп тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әпкелерге өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Әпкелерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әпкелерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әпкелерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері