Ұйқта, жаным – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұйқта, жаным» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1814
(аударма)

Қақпа жабық. Толқындар келіп қашып,
қайта-қайта шарбақты соққылайды.
Долы теңіз жанынан көбік шашып,
жалмағандай Күнді де от шырайлы.
Ұйқта, жаным...
Жанымды азаптама,
тау мен дала - бәрі де көз ілді ғой.
Ит те жатыр шынжырды жалап қана,
шаршатқандай ас жайлы өзін бір ой,
теңіз ғана тасырлап тынши алмай,
жапырақтар жұтады ағын демін.
Ал мен саған жалынам үн шығармай,
сыбырлаймын: «Ұйқташы, жаным менің...»
Ұйқта, жаным...
Жаныңа мұң екпесін
ренжісіп, келіспей қалғанымыз.
Елестетші: бәрі ертең түн өткесін
ұмыт болып, жайнайды жан-жағымыз.
Ұйқта, жаным...
Кеп қалар таң да ұрланып.
Жасың тыйып, түсіңде күлімдеші.
Гүл тергендей куаншы, бал-бұл жанып,
жүрегіңді жылатып түңілмеші.
Ұйқысырап сөйледің –
жатқан жоқ па түсіңе ешкім еніп,
дөңбекшуден әлде сен шаршадың-ау?
Онда ұйқыға ораншы, кетсін еріп
жүрегіңде өңіңнен қалса қырау.
Ұйқта, жаным...
Кім екен тынышыңды алған –
деңбекшіген теңіз бе? Бұла жел ме?
Әлде көңілің қалды ма бір сұмдардан,
әлде айыпты оңбаған — мына мен бе?
Ұйқта, жаным...
Жазбайсың ғой бұл түні, сені ұғамын,
жыр да мұндай сәттерді түйсінеді.
Естисің бе - кешірші мені, жаным,
тым болмаса түсіңде сүйші мені.
Ұйқта, жаным...
Қол ұстасып өтейік сан құздардан,
жер жарылып кетердей мына шақта
қауіпті ғой, қиын ғой жалғыз қалған –
құшақтасып құлайық құласақ та,
Жаныңды әсем тербесін күй ырғағы,
ұмыт сосын өкпелі кешті мүлде.
Жер үстінде көз ілу қиындады,
ұйқта, жаным, сонда да...
Естідің бе?
Теңіз әлі тасырлап тынши алмай,
жапырақтар жұтады ағын демін.
Ал мен саған жалынам үн шығармай,
сыбырлаймын: «Ұйқташы, жаным менің...

ЕВГЕНИЙ ЕВТУШЕНКО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқта, жаным өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ұйқта, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқта, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқта, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері