Шынар
Бұл бетте «Шынар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаз бұтағын тербетіп,
Жамырасып құс қонып.
Күз маңдайын терлетіп,
Уілдеген қыс тоңып.
Көктемге де келіпті
Көк ерім боп сол шынар,
Шыңнан жиған көрікті,
Сол шынарға жан құмар.
Бойлап алыс бұлтқа,
Ұрынбаған суыққа.
Шынар болып шыныққан
Қызығам сол шыбыққа.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі