Күлімде деп қинама – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Күлімде деп қинама» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1165
(аударма)

Даңқ күтпе -
ұрыстардан қалған жара сыздатуда
жанымды.
Даңқ күтпе –
қарапайым солдатпын мен,
Адамзаттың солдатымын кәдімгі.
Қошеметтер жарасады қолбасшыға
дарынды.
Менің даңқым –
азаптардан аман шығып
жеткенім бұл ғасырға,
күлкім менің -
көзден аққан жасымда,
күлімдемей жүресің деп жазғырма,
даңқ күтпе,
құпия сыр бар мұнда.
Халық үшін
жол салатын тыңдарда,
шөл дала мен құмдарға,
гүлдесін деп жер беті
адамдардың қатал келер келбеті.
Сарп етіп
бойдағы күш, сананы,
бір мақсатқа арналатын бар әні
адамдардың мұңды келер жанары.
Төбесінде
жеңіс туы желбіреген белестің
қошеметке ораған жоқ мені ешкім,
себебі мен әзірге
ұлы адамдар санатында емеспін.
Мен өмірде таппай жүрмін өзімді,
бойға жиып төзімді.
Бірақ қара ормандар
соқпақтарды жасырады бойына,
ал олармен
мен жүруге тиіспін.
Соқпақтармен жүруді өзім қаладым,
мен оларды табамын.
Сонда өзің айтқаныңдай мен саған
жапырағы арасынан пальманың:
жайраң қағып жанарым,
шаттық шашып қабағым,
сонда өзің айтқаныңдай мен саған
күлімдеймін, қарағым.

АГОСТИНЬО НЕТО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлімде деп қинама өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Күлімде деп қинама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлімде деп қинама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлімде деп қинама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері