Өз қолыммен – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өз қолыммен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1330
(аударма)

Ойлап көрші сен мені, еркетайым,
жібек шашың сипаған қолымменен
мектеп салып жатырмын,
қызық-ау өмір деген.
Мені қазір қоршаған
құрылыста жүрген кіл жұмысшылар
алба-жұлба,
тұрмысы ауыр шығар,
маған бәрі «төре» деп жалтаңдайды
түк көрмеген бейшара қайыршылар,
таңданары жок, жаным, оның мүлдем,
ол сорлылар бұл күнде
тақтай тапқан жантайып дем алатын.
Бұрын түбін бұтаның пана қылып,
ашық аспан астына қонып жүрген.
Біреуі бар,
таниды екен үңіліп аз ғана әріп,
оңай оқи алмайды жазғанды анық.
Кітапханаң бар ма? - деп таңданады,
кім оқытсын оларды
қу тағдыр жарлылықты жазған ғаріп.
Тас көтердім солармен мен де барып,
сол сәтте мені әлсіз деп сенгені анық.
Қиындығын жұмыстың сезе тұрып,
маған жүктің жеңілін қалдырады,
бөрененің ауырын өздері алып.
Мен шаршадым,
сол сәтте, еркетайым,
сені еске алдым,
айналды-ау бірге өткізген елеске әр күн,
Бірақ та мен тер төгіп
құрылыста отырдым тамақ ішіп,
осындайда бақытты емес пе әркім?!
Қатықсыз ас,
неткен дәмді екенін сезер де едің,
себебі бұл бүгінгі өз еңбегім.
Елестейсің сен маған
сағымданып,
қызық-ау өмір деген!
Құрылыста жүрмін мен мектеп салып!
Еркелетіп сендегі сүмбіл шашты
үнсіз сипап тұратын қолымменен.

РОБЕРТО ФЕРНАНДЕС РЕТАМАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз қолыммен өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өз қолыммен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өз қолыммен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өз қолыммен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері