Жыр қаламым, жазараңды жазып қал
Бұл бетте «Жыр қаламым, жазараңды жазып қал» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Жыр қаламым, жазараңды жазып қал,
Сезім деген солқылдаған нәзік тал.
Сапар шексем, көз жазбайын адаспай,
Арман атты сенімді алтын қазықтан.
* * *
Бұлт айықты... жағып тұр сапна шырақ,
Жапырақтың бетінен жас тамшылап.
Көңілім қалып бәрінен, жылап тұрмын,
Желден сұрап махаббат, тастан сұрап...
Жүрегімнің көзінен жас тамшылап.
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі