Бақытты ғой арманы жоқ адамдар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бақытты ғой арманы жоқ адамдар» атты Фариза Оңғарсынова жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2076
(аударма)

Антонин Эйриске
Бақытты ғой арманы жоқ адамдар;
өз басынан еш қасірет кешпеген,
өздері ойлап бір мәселе шешпеген,
бейқам әке, ойсыз шеше, олардың
баласы да тентек болып өспеген.
Бақытты ғой арманы жоқ адамдар;
ауруды, дәрігерді білмейтін,
бейтаныстар қақпасына кірмейтін,
ойдан басы ауырмаған ешқашан,
ләззат пен тыныштықты түн дейтін
бақытты ғой арманы жоқ адамдар;
еш уақытта тарықпаған ақшаға,
бар уайымы - сәнді киім, асхана,
шын елжіреп сүюді де білмеген,
қайырым да жасамаған басқаға.
Бақытты ғой арманы жоқ адамдар;
мастанатын тегін шарап, сыйлықпен,
жай басатын, жарыспайтын жүйрікпен,
тіршіліктің қасиетін өлшейтін
тек өзінің қолындағы билікпен
бақытты ғой арманы жоқ адамдар;
жек көретін тағы адам бар ондайды,
олар тегін шарапқа құл болмайды.
Бұлқынғанда,
ашынғанда оларды
тас қамау да бағындыра алмайды,
олар күрес деп үғады арманды.
Олар нұрға орайды анық бар маңды,
солар ғана оятады ұйқыдан
тіршілікте мүлгіп жүрген жандарды.
Солар болмақ ұзақ әннің тиегі,
олар сүйсе өліп-талып сүйеді,
сондықтан бүл бақытсыздар өлгенде
анық орын тек тамұқтан тиері.

РОБЕРТО ФЕРНАНДЕС РЕТАМАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақытты ғой арманы жоқ адамдар өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бақытты ғой арманы жоқ адамдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақытты ғой арманы жоқ адамдар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақытты ғой арманы жоқ адамдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері