Әйел – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әйел» атты Фариза Оңғарсынова жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2469
(аударма)

Оның шашы қара майдай мөп-мөлдір,
менің шашым да сондай.
Ол жанымда болса, жүрем - маған әлем - көктем, гүл,
жүрегімнің оған деген алауын бір баса алмай.
Сүйрік саусақ, қызғылт тырнақтар қандай!
Қараторы дене неткен тәтті еді!..
Көздері ше?
Қол жетпейтін армандай,
сосын, сосын... төсектегі сәттері...
О, тәңірім!
Дүниеде әйел бар ма, дәл мұндай!
Бар деп ешкім сендіре алмас, сендіре алмас тап мені.
Қөп, әрине, әйелдердің ақ, қарасы, сарысы,
әрқайсысы - әр жігітке бақ тегі.
Сүйген жанға періште сол, сұлу сол -
ол әйелдің түсі мейлі
қара ма еді, ақ па еді...

РОБЕРТО ФЕРНАНДЕС РЕТАМАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйел өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әйел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйел өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері