Қор болған жер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қор болған жер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1379
(аударма)

Азаптан тұншыққан өлкеге қарашы,
жалғыз үн қатуға келмейді шамасы.
Күл-талқан жартастар...
Бидайдың
орнында қан бөккен даласы.
Мекен-жай еді-ау бұл ақ арман басталған,
бүгінін қарашы қан жутып жас тамған.
Онсыз да жаралы жерімнің төсіне
қорғасын құйып тұр аспаннан.
Тақырлар көл болды көз жастан қақ тұнып,
жер мен көк арасы өксіктен жатты ұлып,
жынданған аналар, о, сұмдық,
сәбиін өздері құздардан лақтырып.
Жол жатыр өлік пен тастарға көміліп,
қайғы мен жанталас, ашу мен долылық...
Қанша өлім, қанша азап Жер үсті,
тағы аң да қашады тастарға соғылып.
О, адам, бір кезде өкініп кеш деме,
жер ғана әжім қып өрнектер кестеге,
бұл қанды ешқашан жуа алмас ештеңе,
теңіз де, уақыт та,
ештеңе-ештеңе!

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қор болған жер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қор болған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қор болған жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қор болған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері