Бойында Үштемірдің Әлім жүрген

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1977
Бойында Үштемірдің
Әлім жүрген,
Қолында тауарих жоқ алып жүрген.
Өмірден өтпейтұрғын адам бар ма,
Атадан балаға орын қалып жүрген.
Айырылып дәулетті менен қонысынан,
Адам көп осы күні налып жүрген.
Бұ күнде заман жақсы, адам жебір,
Жаманмен жолдас болсаң, басың кемір.
Жүрелік қалған жаспен базар етіп,
Келмейді екі айналып өткен өмір.
Келмейді екі айналып өткен өмір,
Боласыз жасқа өмір табыс еткен.
Жаралған екі өзеннің бірі - Жайық,
Біреуін құдіретпен Еділ еткен.
Қалмаққа Қабыртаңдай қылыш ұрып,
Ер болып ертеректе Едіге өткен.
Кітапта самұрық құс - құстың зоры,
Қашаннан кінәлі адам - қордың қоры.
Бір күні ақ киіктей обылармыз,
Ажалдың алдымызда қазған оры!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойында Үштемірдің Әлім жүрген өлеңінің авторы кім?

Шынияз Шанайұлы — осы өлеңнің авторы.

Бойында Үштемірдің Әлім жүрген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бойында Үштемірдің Әлім жүрген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шынияз Шанайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойында Үштемірдің Әлім жүрген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері