Фрагменттер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Фрагменттер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1109
(аударма)

Бірінші әуен
Өлгендермен бірге өліп
қаншама рет түңілдім.
Сосын тағы өлмейтұғын жыр болып
үзілмейтін үмітіммен тірілдім.
Екінші әуен
Өлмейтін бір пенде жоқ,
өлуім хақ менің де.
Сонда да бір сенімге
бас иемін -
мәңгілік
адам деген тегінде.
Үшінші әуен
Кұлағың сал шындыққа:
кездессек те мың жұтқа,
көк аспанда жарыстың,
өлімші боп талықсып,
қайғы мен мұң шексек те,
қай жаққа асып кетсек те,
түбі рақат табамыз
азабы мол құрлықта.
Төртінші әуен
Әуенімнің бәрін мен
халықтарға арнағам,
теңіздегі өр ағынмен
жырларымды жалғағам.
Адамдармен бір жүрдім,
күрестерде қорғадым:
ән-жырыммен күлдірдім.
Айттым әділ жол барын.
Қанішер де, асыл да
өмір сүрген қақтығып,
мынау қиын ғасырда
үміт отын жүректерде жақтырып,
өмір кештім ашынбай,
үстемдерге бас ұрмай,
арпалысқан өмірде
дәмелі еркім жеңістен.
Көп жеңілдік,
көңілде
қайғы уы көп мен ішкен.
Жеңілсек те біз бірақ
кеткеміз жоқ құлдырап,
жібермедік есені
бізді
заман қорласа да ұрғылап!
Біз бірлесіп жерменен
күрестерден таймадық,
барлық халық, ел деген
біріккенше ұлы күшке айналып,
бес қаруды сайладық.
Мұның бәрі - мұңды әуен
жазылмайтын бұл қайғым.
Сондықтан да жырға мен
қосам оны, шырқаймын.
Жетпісінші жыл, міне,
Атты тағы таң елде.
Алда жылдар - кім білер
не сыйларын әлемге!
Мүмкін гүлге малынып,
бақыт қүшар адамдар,
Мүмкін бомба жарылып,
жортуылдар тағы аңдар.
Бір жаңалық жасар да
кетер елдің зар-мұңы.
Тек өлмесін қашан да
нәзіктік пен таң нұры.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фрагменттер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Фрагменттер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фрагменттер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фрагменттер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері