Алла дейміз алдымен
Бұл бетте «Алла дейміз алдымен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ай нұр шашып аспаннан,
«А»-дан бәрі басталған.
Алған кезде алғы дем,
Алла дейміз алдымен.
«А» деп ауыз ашамыз,
«А» деп асу асамыз.
Арулардың аты да,
Асыл сөздер атында:
Алтын, Арай, Арайнұр,
Асыл, Ажар, Анаргүл.
Ардақ, Ақық, Алтынай,
Айман, Айжан, Ақылай.
Алма, Алқа, Айбала,
Айнұр, Айгүл, Айдана...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі