Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1537
ТЕБІРЕНІС

Бар еді жыр-пырағым Шабыт деген,
жалында ойнаушы едім жанып денем,
үркектеп қарайтындай маған бүгін,
шабытым жырақтады не ғып менен?
Мал жиып, жоқтан барды құрамадым,
досым да, жолдасым да – қыран-әнім.
Жыр-пырақ жеритіндей не күнәм бар,
мен мүмкін тұғырымда тұраладым?
Тұманға тұмшаланып нұр алабым,
жанарын жасырғандай ғұлама-күн.
Жаутаңдап жеңгелерім жетім қыздай,
естіледі әлдеқайдан жылаған үн.
Жан едім ойым мөлдір, затым бұла,
кешірмес, ақ болмаса, жақынды да.
Ұлты-ақша, шындығы-ақша мына заман
мені де күнәларға батырды ма?
Болса да не бір дөкей тақымы нық,
көрмеген көлденеңдеп жаты ұрынып,
әуелден Жыр-пырақтың әдеті бұл –
кететін тойынғанды атып ұрып.
Жанымның шуағы аз да, бұлты қалың,
Шыңғыстау-тағзым етер нұр тұрағым,
жанымды тазарт менің тұмандардан –
қайта бір құйындасын жыр-пырағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері