Сыртқы көзге сұлу болып көрінген
Бұл бетте «Сыртқы көзге сұлу болып көрінген» атты Келіс Рахымжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыртқы көзге сұлу болып көрінген
Шалқып күлген топ ішінде мен жоқпын.
Көңіліңнің орын іздеп төрінен
Ұнау үшін барды салып көрмеппін.
Қаражаяу, сол қоңырқай қалпымда
Патша көңілім санамай-ақ өзін зор.
Неменеге қарайлайды артына
Жұрт білмесе қалатындай болып қор.
Басқа жұрттың не ісі бар біздерде
Сенің қымбат көз алдымда жүргенің.
Көрсем-дағы көрмеген боп жүргенде
Саған солай ұнайтынын білгемін.
Бөтен көзге көрінбейтін қараса
Бар құпия тек екеуміз білетін.
Өзің жоқ боп қалған сәтте оңаша
Ойларым бар сен деп толғап жүретін.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі