Бөрілі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бөрілі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1523
«Бөрілі», шыңнан биік өрім едің,
өзіңмен өлшенеді өң-іреңім.
Баталы босағаңнан бастап еді
әлемдік кеңістерге жолын елім.
Санаға сәуле сыйлап, көгіме-Күн,
тақсырлар тайсалатын төрім едің.
Кезсем де қойнауыңды көре алмадым –
«Бөрілі», қайда кеткен бөрілерің?
Көрсем деп көк бөріні кезіп келем,
ойларым ойнақтайды озып менен.
Дүниеде кісі-бөрі көбейгесін
бөрілер кетті ме әлде безіп сенен?
Түңілме: Тарих-төре талдаушы бар,
түбінде әділдікті ардан сұрар.
Бөрінің бөрілігін көрсететін
қойныңда бір бөлтірік қалған шығар!
1997


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөрілі өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бөрілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөрілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөрілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері