Көрсетсең-дағы, қарағым өзіме сенім –
Әбілда Аймақ
Бұл бетте «Көрсетсең-дағы, қарағым өзіме сенім» атты Әбілда Аймақ жазған махаббат туралы өлең берілген.
Көрсетсең-дағы, қарағым өзіме сенім,
Түсе бергім келмеді көзіңе сенің.
Көкірегімді көкжөтел буындырғанда,
Сыймай кетті лықсыған көзіме селім.
Үндемей саған жоғалдым өзімді үрлап,
Қайтерсің дедім жұбатпас сөзімді құрғақ.
Газеттендағы хабарым шықпай кеткен соң,
Жүрсің бе екен түс көріп, төзімді былғап.
Көңіліме ырғақ сыйлаған көктемім менің,
Өзіңнен сонша қашқаным-неткенім дедім.
Дертім бір саған мәңгілік қайғы болар деп,
Көгерсем егер келіпті шетте гүлдегім.
Дегенмен қалқам, сен мұны ұғынбай қалдың,
Өрмекші ойдың торында шыбындай жандың.
Алысып жатып аурумен өзіңді ойлап,
Мен болсам мынау бір уыс сығымға айналдым.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі