Үш қара

Бұл бетте «Үш қара» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 4992
«Апай! Сіз қай ауылда тудыңыз, ауылыңыздың аты қандай?»
(Оқырманың сұрағы)

Мен туған үш ауыл бар бұл далада,
тұрады бір-біреуі мың қалаға:
Қарауыл, Қарауылкелді, Қарасазым, -
мен үшін үшеуі де құндақ-ана.
Қарауыл – Абайымның бесік елі,
елім деп еңіреген есіл ері.
Қарауылкелдісі бар Махамбеттің,
Қарасаз – Мұқаң арман кешіп еді.
Үш Күнім. Қасіреттері мұңдай қара.
Кездейсоқ үндестік пе бұл жай ғана?
Үш ауыл – аттас әрі үш алыпты
беріпті, әрқайсысы шыңдай дара.
Табиғат өлмес ұлын қари ма отқа,
қарасам көз жүгіртіп фәни-баққа,
қаралы күндері көп ұлылардың,
құпия бір күш бар-ау табиғатта.
Мен туған ауыл бар-ды Жер бетінде,
жүз тосқам алғаш сонда желге, күнге.
Жұлдызды заңғарларын межеге алып,
ұмтылғам адам болып ержетуге.
Біреулер салып жерге, елге түрен,
жұртым бар ғұмыр кешкен кері кетумен.
Мен туған ауыл атын ақырында
өшіріп тынды әйтеуір жер бетінен.
Уақыттың ұштырмасы адуынды
картадан сүртсін менің ауылымды.
Қарауыл, Қарауылкелді – отты дала,
Қарасаз – бұлағы асау, тауы нулы
бар болса, жол бермейді жүдеуіме,
жарайды солар менің тіреуіме.
Сәнді орта сыртқақпайлап сыртын берсе,
тартармын үш киемнің біреуіне!
1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш қара өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Үш қара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш қара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш қара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері