Жайсаңдар кетті – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жайсаңдар кетті» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1356
Өзбекәлі аға дүние салғанда…
Маңдайына біткен халқымның
дара тұлға едің, жан аға.
Сөнгендей көкте алтын Күн,
түнерді бүгін дала да.
Жайсаңдар кетті. Кім қалды?
Сәуле себуші ең санаға.
Сұңқардай сұлу тұлғаңды
сұм ажал алып бара ма?
Сүйсінсең, жүзің нұрланып,
жалғандық сезсең, шарт сындың.
Өнерлі болса, тұлға ғып,
жас балаға да бас бұрдың.
Жарамсақтарды жасқадың,
шындықты айтудан қашпадың.
Қандай сайларда жүрсең де,
биіктерге елді бастадың.
Қарттардың көзі бұлдырап,
бауырлар қалды тұңжырап.
Өлімге Сізді қия алмай,
қарындастарың тұр жылап.
Мекен ғып мәңгі сыз жерді,
қаласыз ба мынау далада?
Қара жерге беріп Сізді, енді
қалай кетеміз, жан аға?
Әулиедей ұлын елейді ел,
нұр төксін Аллатағала.
Рухыңмен елді жебей гөр,
қош деймін… қайтем, жан аға!
1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайсаңдар кетті өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жайсаңдар кетті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайсаңдар кетті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайсаңдар кетті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері