Бас аман, малың түгелде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бас аман, малың түгелде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1284
Бас аман, малың түгелде,
хәл барда жұртты тірерге,
бірге ішіп, бірге күлерге,
алшаңдай басып жүрерге
адамның бәрі дос саған.
Есірген ез бе, шын ер ме –
адам мен сұмды білерге
ажырата алар жоқ шамаң:
жүрегің майлы, тоқ санаң.
Бақ тұрмас бекер бөскенге –
басыңнан бір күн көшкенде,
шамасы келмей қош дерге,
жаныңның жасын төксең де,
қайрылмай кетер оңбаған.
Үймелер майға көк шыбын,
дос дегендерің – көп шыбын,
бағыңмен кетер сол жаман,
жанында қалмай дос пенде.
Есін жияды сонда адам.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бас аман, малың түгелде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бас аман, малың түгелде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бас аман, малың түгелде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бас аман, малың түгелде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері