Тілім өгей – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Тілім өгей» атты Анар Шамшадинова жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1279
Тілім өгей,
Салтым қалмай сақтаған,
Шарасыздық шырмауында ашындым.
Шүлдірлеген білгірлері қаптаған,
Нұр нұрлаған мына билік басынды.
Жұртым жылап,
Ұлтым жырақ ғұрпынан,
Тәуелсіздік алдық па өзі бекерге?
Ақындықпен ақырғым кеп бұлқынам,
Келімсекке келіншек боп кетердей.
Жердің сорып бар байлығын әркімдер,
Тайраңдап жүр төсегіндей ойнастың.
Қорғансыз ел.
Сені ойлайтын бар кімдер?
Қырда қаңғып,
Неге босқа ойды астың?
Келешегім келмейтіндей жандығам,
Сағуд жақтың сарнай жеткен сұңқылы.
Қазағымды қалай аман қалдырам?
Қашан тояр адамдардың құлқыны?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері