Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де

Бұл бетте «Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1563
Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де,
құлақ аспай ақ ниет, көңілді үнге
(өз-өзімнен құдірет сезінердей)
керек менің өзім де, сөзім кімге?
Сабырлылық көрсетер жерде маған
маңайламай қояды төзім мүлде.
Жанымдағы мұзымды, мұңымды үккен
өкпелетем достарды қыңырлықпен.
Сезе тұрып қатемді, иілмеймін
темір сынды мендегі жұлын біткен.
Құдай атқан мінезді көрсеттім-ақ
адамдарға жанымның сырын күткен.
Өзімшілдік ізеттің жұтып әнін,
содан жанды қинауда үкім-арым.
Жақсы көрген сезімді сезген сайын
ақымақтау тақсырдай құтырамын.
Қайшылықтан соқтыққан бұл мәнімнен
қашан, қалай – білмеймін – құтыларым.
Тыпырлатып тастаса торға сені,
көрер едім кейпіңді сонда, сері!
Мықты сезер өзі өзін адам, егер
мақтан тұтып қастерлеп қолдаса елі.
Мені аялар жандардың сезімінсіз
мінезім де, мәнім де болмас еді.
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері