Өлең, жыр, ақындар

Керек емес ешкім де!

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2042
Керек емес ешкім де!
Құрсын бәрі!
Сыйласқан боп жүргені, ұмсынғаны.
Ақтарылар тазарып досыңның да
ойлайтыны - өзінің мұңсыз қамы.
Адалдықтың алдында аршылардай,
төңкересің жаныңды – тамшы қалмай:
шаруасы – басында, «сүйтсеңші» деп
сенің жауыр жаныңды қамшылар жай.
Жақын ұқпай жаныңды, ұқпай бала,
не еткен түнек? Тұман ба, бұлт па айнала?
Жанұшырып барғанда, кейбір досың
тағдырыңа қатысы сырттай ғана.
Қиындықтар туғанда бір басыңа,
достың бәрі болса да тұлға, сірә,
арашашы бола алмас мұң-шеріңе –
байғұс жүрек, онан да тұр, жасыма!
Жылайтын да сен ғана, жұбанатын,
біреулерде кеткендей құнан-ақың.
Сенша жылап, дәл сенше күледі деп
өзіңді өзің ұмытып құлама тым.
Құрысын бәрі! Жүремін бірақ әрең,
енді ешбірін көрместей сірә да мен.
Қойдым жолдас, досты да…
тоқта… сонда
кетпес пе екен тарылып мынау әлем?
1981



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтіп жатыр күндерім

  • 0
  • 2

Өтіп жатыр күндерім
қуанышсыз, қайғысыз, үнсіз менің:
көппен бірге жүреді құр сүлдерім.
Күзгі жауын секілді сүйекке өтер

Толық

Дүниенің бар өлшемі

  • 0
  • 0

Дүниенің бар өлшемі
өлшеусіз нәрсе бар деме.
Керелендірер түбі ол сені –
араныңды ашпа әрнеге.

Толық

Қарғыс

  • 0
  • 0

Аңқау, даңғой халқың болсын,
алалыққа баулыр қартың болсын.
Анасын сатқан ұлың болсын,
баласын өлтірген қызың болсын.

Толық