Ленин проспектісі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ленин проспектісі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1973
Тойды алып жұрт сағынған көптен-көп,
Алматыға жайды қанат көктем кеп,
Сапқа тұрған коло колонналар секілді
Проспекті жатыр жасыл көкпеңбек.
Көк пен жердің көпіріндей асулы,
Жұлдыз көзді зәулім биік жас үйлі,
Ленин проспектісі поездай,
Алматыны тау басына тасиды.
Проспектіде басын қосқан гүл түгел,
Таң арайын,одан көктің бұлтын көр.
Проспектімен адымдайды ер еңбек,
Проспектімен ағады ақ күлкілер.
Саңқыл қағып сілкінгендей қас қыран,
Фонтан шулап, атылып жер астынан,
Тәтті түстің таң-тамаша нұрындай,
Ақ көбіктен желбірейді жас тұман.
Мөлдір шуақ, өндір бұлақ табысып,
Балтыр түріп балғын талдар жарысып.
Алдыңнан сан көріністі жаяды,
Экранның айнасындай ауысып.
Проспектіден шалынады көзге алыс,
Өнегелі өнер сайыс, сөз жарыс.
Проспектісі Лениннің - өмірдің
Мәңгілікке тоқтамайтын қозғалыс.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері