Өлең, жыр, ақындар

Қоскүрең

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1649
(қыршын ақындар М.Отаралиев пен С.Әбуғалиевтың рухтарына)

Бойдағы ғажап намыспен,
Жырлары кабакта піскен.
Қоғамға «қолын шығарып»,
Арақты ары ақтар ішкен.
Болған ғой сондай адамдар.

Ұрғанда сойылы бастан,
Жендеттің тойымы қашқан.
Түрмелер құшағын жайып,
Зоналар қойынын ашқан.
Болған ғой сондай қоғамдар.

Тоймайтын мызғымас ардан
Тектіні тізгіге салған.
«Пахандар» палауын асап,
Әлсіз «қыз» қыла салған.
Болған ғой сондай замандар.

Ақындар жұмақты аңсамақ,
Шатасып қараптан-қарап.
Шырмалып Марат пен Сағат,
Ішкен ғой.., басқа не амал бар?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Солдат сағынышы

  • 0
  • 0

Табиғат беріп қойған күз хабарын,
мен сені күзден дағы қызғанамын.
Әйтсе де сезбейсің-ау өзіңді ойлап,
Бұлқынып жүрегімнің сыздағанын.

Толық

Әке мен шеше

  • 0
  • 0

Жалғыз ұлды, боп кеткен астаналық,
Күте-күте барады, шаш та ағарып.
Күйбең тірлік кешеді кемпір мен шал,
Қазақы үйді баяғы баспана ғып.

Толық

Күзетші құрдасқа

  • 0
  • 1

Не құдайға сенбейсің,
Не былайға сенбейсің.
"Ханға" тағы сенбейсің,
Заңға тағы сенбейсің.

Толық