«Суретші» – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте ««Суретші»» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7281
Бір бала дүкеннен керекті
Бояулар, қағаздар алыпты.
Бекіре, арыстан, үйректің —
Бәрінің суретін салыпты.
Білмейді дей ме екен халықты,
Қоянды аң депті қауіпті.
Аспанға ұшырып балықты,
Жүздіріп қойыпты тауықты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері