Өлең, жыр, ақындар

Үзілмеген тамыр

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1454
Талай ақын
Таңдай қаға жырлаған,
Бурабайда
Куә болдым мынаған.
Сұлап жатыр
Қара таста қарағай,
Түбірімен
Опырылып құлаған!
Жығылса да,
Жардан ұшып кетпеген,
Жапырағы
Күнге күйіп, кеппеген,
Бірінші рет көріп тұрмын,
Ағашты,
Жер бауырлап,
Құлап жатып көктеген!
Қайта айналып,
Қонатындай бағы алдан,
Қара жерден
Әу басында жаралған,
Үзілмепті
Шұбатылған бір тамыр,
Жарып шығып қара тасты
Нәр алған.
Көтерсең де жүктің қандай
Ауырын,
Замананың
Көрсең де қай дауылын,
Қай қиырда,
Қандай күйде жүрсең де,
Туған жерден
Үзілмесін тамырың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үзілмеген тамыр өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Үзілмеген тамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Үзілмеген тамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үзілмеген тамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері