Өлең, жыр, ақындар

Әже толғауынан түйген ой немесе адам қадірі жайлы...

Менің әжем ақылды әрі саналы,
Сөз айтатын ұйытып бар адамды.
Кейде күліп жайраңдасаң бір сөзге
Кейде қатты жылатады адамды.

Саналы әжем сөз қозғады таңғы шәйдің үстінде,
Көп адам жоқ тек әжеммен едім мен,
Ұзақ оймен айтқан сөзі баурап жан мен жүректі
Осы әңгіме мені жиі қиялға орап әкетті.

Қызым білесің бе,
Кейде адамда артық болады ой сана
Кейде адамда артық болады сөз сара
Бірақ сол сөз бен ойға түсінетін адамдар.....
Аз болады мына үлкен ғаламда.

Сөз жалғады:
Кейде адамның айтқанына еретін
Жан табылмай қалады.
Бірақ бірде оның бағы жанады,
Алма-кезек бірде бар-жоқ бұл дүние
Бір Алланың бізге қойған талабы.

Тыңда мені мына әңгіме
ойыма қайта оралып тұр әлі
Бір журналист тұрмыс құрып өзге бөтен қалаға
Қайтқысы кеп, сағынып туған өлкеге далаға,
Сағынады ақ самайлы ақ әжесін данасын,
Ойласа оның жас келеді, бота көзіне жанарға.

Бір жаңалық естиді сонда ауылдан
Ақ данасы ақылшысы әжесі
Ой беретін демеп жүрген арқадан
Бұл дүниемен қоштасыпты қысқасы.

Сол мезетте сұраныпты жолдасынан, жарынан.
Жан жүрегі жараланып жасы ағып жанардан,
Билет алып жылдамдатып пойызбен
Жетіпті асығыспен жалғыз жара жанынан

Әжесінің бейітінің маңында,
Отырады қан жылайды жанарда
Шынарынан қанатынан айырылып,
Естен танып құлайды бейіт басында.

Әжесінің бейіті орын теуіп моланың
ең аяғы қиясына жарына,
Кілең орыс жол салмақшы
қарап тұрып сызбаға
"Бейітте енді жол болады
бұзамыз біз оны да"


Келіні оның жан ұшып жүгіреді әр маңға
Сөз жүрмейтін орысқа амал бар ма?
Зар жылайды еңіреп шыдам жетпей әманда
Көмек сұрап жалынады бір Аллаға!!!

Орыстарың тракторын, мәшинесін қозғады.
Дәл бейіттің үстінен жүрмекші боп барады,
Бейітке сәл жақын орын қалғанда
Гүл табиғат өзгеріп, бар ойнағын салады.

Жұмысшылар кері сонда шегініп
Дауылдың тоқтағанын күткендей бір ерігіп
Қайта бейітке бас салмақшы болғанда
Тағы дауыл- қара щаңға айналады есіріп.

Орыстар аң-таң не істейміз деп түрініп,
Ашумен тұр бұл ғаламатқа бүлініп,
Сезіп бұл іс аяғына жетпесін
Кетті тастап, бейітті, айналып өтті ұғынып.

Келін сонда Аллаға рақмет жаудырып,
Бейітке келін бас ұрады, қайғы-мұңнан арылып.
Жылап-сықтап шаршағаны соншама
Кетеді сол сәт бейіт басында қалғып.

Сондағы саған айтарым қызым-немерем,
Мейлі өссін, үлкейсін сенің керегең,
Қадіріңді бір жан ұғынып түсіне білмесе
Көгермегені сенің бірде бір көсегең!!!

Осы әңгіме жанарға тығып майда жас,
Ой ұқтым сонда кетсе де бүкіл мал мен бас,
Қадіріңді білсінші жаныңдағы жар жолдас
Себебі бұл жалған фәни қайтып келіп оралмас!!!!



Пікірлер (2)

Айару

Идеясы жаман емес, бірақ көп жерде ұйқас жоқ.

akon.tursunbai@mail.ru

пікіріңізге рақмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар