Өлең, жыр, ақындар

Ғұламасы елінің

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1730
(Мұхамбетжан Тынышбаев рухына)

Өзіңді айтсам Жетісуда тасыған,
Бар өзендер бір арнаға қосылған.
Есіміңді сен қайталап дауыстап,
Жалғастырып ғасырлардан, ғасырдан.
Жыр оқиды толқындарын тулатып,
Қайталанбас ерлік толы даңқыңнан.
Мен тыңдаймын ақын жаным елжіреп,
Сендей ерлер туса екен-деп, көбірек.
Үлгі етемін өнегеңді ұрпаққа,
Болмас үшін намысы жоқ үлбірек.
Асығамын жеткізуге бәріне
Өміріннің сырын ұғып білсін-деп.
Тума талант туа біткен жасынан,
Бес жасыңда білім іздеп жас ұлан.
Таудай биік талабыңды ту қылып,
Таңдандырып басқыншыны басынған,
Верныйды, Петерборды шарлапсың,
Сусындауға білім бұлақ басынан.
От кеудеңде Ешкі Өлмес туған жер,
Сағыныштың сазын төккен асыл ән!
Алғырлығың ісін жасап ғажаптың,
Үні болып зобалаңда азаттың.
Туған елді аялаумен тер төгіп,
Түрксибті, Сібірменен жалғапсың .
Ғасырлардан жарып шығып із салған,
Алғаш, тұңғыш инженері қазақтың.
Жүздесуге кең әлемге жол ашып,
Сырласуға көршілермен ұзақ күн.
Ойламапсың жеке пайда ақырын,
Тот баспаған сынығы асыл алтынның.
Болашағын ойлауменен Алаштың,
Дәнін себіп парасатпен ақылдың,
Келер ұрпақ көкірегін ашуға,
Жазып бердің шежіресін халқымның.
Адаспауға бабалардың жолынан,
Сөндірмеуге жарық шамын салтымның!
Шөл даламды суаруға біліммен,
Бұлақ тартып имандықтың өрінен.
Туған елдің тік көтерген еңсесін,
Өзің едің даналықпен көрінген
Әттең залым кіші Октябрь көсемі
Қаймағымды жұту үшін төрімнен
Адал ұлды халық жауы-деп, атап,
Айырғаны қалың орман елімнен.
Иіскей алмай туған жердің қыр гүлін
Құрбаны боп зұлмат қанды қырғынның.
Сен қалғанмен қызыл құйын ішіне
Сәулең қалды мәңгі өшпейтін күн нұрым
Азаттықтың жырын жазып ол бізге
Күнде сүйген туған елін тұғырың,
Жылуымен жүректерді жылытқан,
Бізге өнеге өшпес ерлік ғұмырың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кенесары ханның жүрегі

  • 0
  • 0

Ақ сүтін еміп арлы елдің,
Дүниенің ашқан есігін.
Мен қазақтың ханы едім,
Кенесары есімім!

Толық

Дүниеден өтті

  • 0
  • 0

Туған елге жарық төгіп тұратын,
Дүниеден өтті бүгін ұлы ақын.
Жанарында үйірілген тамшы жас,
Соңғы өлеңі сезім болса ұғатын.

Толық

Мөңке би Тілеуұлының рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Күнде келем ескерткішің басына,
Бір ғажайып күш барындай осында.
Сырласамын Рухыңменен үн түнсіз,
Ерік беріп ұшқыр ойлар тасқынға.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар