Көкшеде көшкен бұлт – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Көкшеде көшкен бұлт» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1479
Көгінде Көкшетаудың бұлт көшеді,
Көңілде керуен-керуен жұрт кешегі,
Қарағайдың ішінде қарқ-қарқ күліп,
Қорқор тартып, құтырған қырт бөседі!
Жағалай Бурабайды бұлт басады,
Сағалап қарағайды жұрт қашады,
Сығалап,сылқ-сылқ күлер қыз бен жігіт
Тау, тастан тауып алып бір тасаны.
Түріліп көкжиектен түн түнегі.
Көгінде Көкшетаудың күн күледі,
Тазартып өкпе, жүрек, жұпар жұтып,
Тәуба қылар даланың бір түлегі.
Бұлт құшып, көк жүзінде құз қалқиды,
Бұлықсып, бұлтқа қарап қыз балқиды,
Жемісімнің түрін көр, дәмін тат деп,
Сарғайып, толықсыған күз аңқиды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері