Өлең, жыр, ақындар

Сен ғана

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4906
Жайма шуақ көктемнің жасыл күні,
Бал-бұлақтан естейсін мың күлкіні.
Аспан асты бір саған құмартқандай,
Тамылжыйды аулақта бұлбұл үні.

Қайырмасы:
Аялап тербеткен,
Сұрашы жер - көктен!
Әлемнің сенде қызығы,
күннің де сенде қызуы,
Бір өзің аңсарым,
Бір өзің жан-жарым!

Сабыр етші,жан сәуле, тыңда тағы,
Сен дегенде тау шыңы тіл қатады.
Аққайынмен сырласып ұзап шықсан,
Әншіл арман бір сен деп шырқатады.

Қайырмасы.

Кессем дағы қай өлке қай даланы,
Самал желі сені аңсап аймалады.
Махаббаттың көрдің бе құдыретін,
Жердің өзі бір сен деп айналады.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ахау, жалған

  • 0
  • 0

Айт дегенде өлеңді тіл айтады,
Қандай адам тіліме мін айтады-ай.
Өлең айт деп балалар қолқа салса,
Мен айтпасам, өлеңді кім айтады-ай?

Толық

Өтесің, қайран заман-ай

  • 0
  • 0

Дегенде ырғи-қырғи,ырғи-қырғи,
Қанаты құйрығынан ұзын қырғи.
Барынды оралыңның ойна да күл,
Барады өтіп заман сырғи-сырғи,

Толық

Жиырма бес (4 нұсқа)

  • 0
  • 0

Байжеке, мырза көңлі болды қалай,
Қашқаны аралаушы ең талай-талай.
Қондырсам осынау тұрған қызыл гүлге,
Етуге ептеп сайран жайың қалай.

Толық