Қадалған сұрақ – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қадалған сұрақ» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1486
Өткір сұрақ,
Тік сұғылған қанжардай,
Себеп болған
Талай дау мен жанжалға,
Өз жолымен
Жүре бермей, өзгеге,
Амалың не,
Сауал қойғыш жандарға?
Тыным бермей,
Жын қайнатқан желікпен,
Егес қуып,
Екіленген, еріккен,
Сұрақ қойып,
Тергейсің кеп сен неге,
Саған жауап беру керек,
Неліктен?
Саяздығы
Сауалынан сезілген,
Мазалағыш
Езбелерден безінгем,
Айтарым сол:
Тексергенше өзгені,
Жауап алып көргенің жөн,
Өзіңнен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері