Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен
- 0
- 0
Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен,
Алдағысын үмітке сенім еткен.
Кездейсоқ келген басқа қуаныштан,
Қайғым артық кеудемді еңіреткен...
Бұл бетте «Елестет мені» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен,
Алдағысын үмітке сенім еткен.
Кездейсоқ келген басқа қуаныштан,
Қайғым артық кеудемді еңіреткен...
Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім,
Талайды өкпелеттім, өкпеледім.
Ешкімге бақыт болып келмесем де,
Ешкімді сорлы етпесем деп келемін.
Келдім де өмір саған ерікпенен,
Бетіңе маңдайымды беріп келем.
Жүйріктеу бойдағы бір желікпенен,
Мен сені құйыныма көміп келем.
Белес-белес осынау, тауға айналған жал-құмдар,
Тасып келіп бір кезде, қатып қалған толқындар.
Еркелесең баладай арқа сүйер орнықты,
Даласына өзінің...
Атынды есіме де сақтамаппын,
Сазды әуеннен естіледі бір ғажап үн.
Алыстарға әкетеді мені сүйреп,
Дауылдатып, толқындай бір терең мұң.
Дос
Туралы