Қорыққанда – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қорыққанда» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 3
  • 4315
Көргеннен-ақ төбетті,
Ала салып күректі,
«Бұл ит пе, бұл батыр деп,
Бізге келе жатыр!»— деп,
Қорыққаннан балалар:
Құмар, Қасым, Дана бар,
Шығып кетті терекке,
Дүрс-дүрс етті жүректер.
Деді олар: «Бәйтерек
Болмағанда қайтер ек!»
Сөйтсе, босқа сасыпты,
Ит олардан қашыпты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

ЖАНАР

Өте керемет өлеңдер

Fatima

Маған ұнады

Myrza

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері